«Birgemiz: Bilim». Ұлттық жоба ШҚО-да қалай жүзеге асырылды?

24 Қараша 2020, 11:52
1717
Бөлісу:
«Birgemiz: Bilim». Ұлттық жоба ШҚО-да қалай жүзеге асырылды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы Шығыс Қазақстан облсының Білім басқармасының жетекшісінің орынбасары Қажымқан Оспанғалиев  «Birgemiz: Bilim» ұлттық жобасын іске асыру аясында өткен қорытынды конференция барысында айтты. 

Еріктілер қозғалысы -  халықтың қанына сіңген, әдетіне жақын үрдіс. Себебі еріктілер жұмысы тек тегін көмек көрсету емес, әр адамның бойындағы құндылықтар мен жақсы қасиеттерді дамыту. Қоршаған ортаны өзінің жақсы ісімен жандандырып, болашақта өзгелерге үлгі етуге жетелейді. Басты мақсат – осы. Шығыс Қазақстан облысында осындай шаралар кеңінен жүзеге асырылып жатыр, - деді ол.  

Оспанғалиевтің айтуынша, өңірде еріктілер жылы «Біз біргеміз» жобасы жүзеге асырылды. 

Бұл жобаға мектеп оқушылары, колледж бен ЖОО студенттер арасында әртүрлі бағытта көптеген жұмыс атқарылды. ШҚО-да әрбір аудан мен қала мектептерінде осы іс-шараға тартылған бала саны көп болды. Жоба екі бағыт бойынша жүзеге асырылды. Біріншісі – еңбек ардагері мен көмекті қажет ететін өзге мамандарға көмек беру. Екінші бағыт бойынша балалар мен студенттер арасында салауатты өмір сүру насихатталды, - деді ол.  

Қажымқан Оспанғалиев атап өткендей, шектеуі көп жылда еріктілердің қосқан үлесі өте зор болды. 

Айта кетейік, бұл әлеуметтік жобаларды «Қазақстан еріктілері Альянсы» ЗТБ Қазақстан Республикасының Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің  қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында жүзеге асыруда.  

Жобаны жүзеге асыру барысында биылғы  наурыз айынан бастап  конкурстық негізде екі аймақта ауыл мектеп оқушыларын оқыту үшін мұғалімдер арасынан 250-ден астам ерікті таңдалды. Жалпы осы уақыт аралығында 2 000-нан астам оқушы онлайн курстан өтті, IQ онлайн-лагерінің үш маусымы ұйымдастырылды және www.birgemizbilim.kz онлайн-оқыту веб-сайты іске қосылды.

 


 

Өзгелердің жаңалығы