«Birge-taza Qazaqstan». 20 мыңға жуық көшет егілді

10 Қараша 2021, 08:37
662
Бөлісу:
«Birge-taza Qazaqstan». 20 мыңға жуық көшет егілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылы Мемлекет басшысы қолдаған «Birge – taza Qazaqstan» жалпыреспубликалық акциясы елордада екі кезеңде – көктем мен күзде өткізілді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Елордада 10 сәуір мен 29 мамыр аралығында өткен көктемгі экологиялық айлық аясында қаланы абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілді.

Апта сайынғы сенбіліктерге барлығы 88 мыңнан астам адам, 10 474 кәсіпорын мен ұйым қатысты. 670-тен астам арнайы техника тартылды.

Осы кезеңде полигонға 4 715,56 тонна қалдық жиналып, шығарылды.

Өткізілген экологиялық акция шеңберінде жалпы ауданы 5,5 млн м2 астам саябақтар мен гүлзарлар тазартылды, 11 659 дана көшет егілді.

2021 жылғы 5 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін мерекелеу аясында ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ұйымдастыруымен «Бірге таза Қазақстан» республикалық акциясы өтті. Оған мемлекеттік органдардың, коммуналдық кәсіпорындардың, білім беру мекемелерінің 1300 қызметкері, еріктілер қатысты. Жалпы күш-жігермен 255,26 тонна қоқыс жиналып, шығарылды.

«Birge – taza Qazaqstan» акциясының екінші кезеңі 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында өтті. Экологиялық айлық қысқы кезеңге дайындық және күзгі кезеңде жасыл желектерді егу үшін ұйымдастырылды.

Осылайша, «World Cleanup day 2021» Дүниежүзілік акциясы аясында 2021 жылдың 18 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласының аумағында ағаштар отырғызумен жалпы қалалық сенбілік өтті.

Оған 49 мыңнан астам қала тұрғыны, 87 мемлекеттік орган, 17 елшілік, сондай-ақ 2876 кәсіпорын, ұйымдар мен мекемелер қатысты. 146 жүк тиегіш және 284 жүк көлігі жұмылдырылды.

Бұл күні жалпы ауданы 3 млн м2 болатын саябақтар мен скверлер тазартылып, 2 784 дана көшет егілді.

Күзгі экологиялық айлық аясында сенбіліктерге 70 393 адам, 5150 кәсіпорын мен ұйым қатысты. Барлығы 1244-тен астам мамандандырылған техника жұмылдырылды. Полигонға 1357,32 тонна қалдық жиналып, шығарылды.

Күзгі кезеңде өткізілген экологиялық сенбіліктер аясында жалпы ауданы 5,5 млн м2 астам саябақтар мен гүлзарлар тазартылып, 7819 дана ағаш отырғызылды.

Елорданың «Жасыл белдеуі» аумағында 2021 жылы 890 151 дана көшет, ал елорданың өзінде 200 мыңға жуық көшет егілді.

Сенбілікке мемлекеттік, білім беру мекемелерінің, ұлттық компаниялардың қызметкерлері, ПИК және МИБ, шағын және орта бизнес субъектілері мен қаланың белсенді тұрғындары, сондай-ақ еріктілер, экобелсендер, оқушылар мен студенттер қатысты.

Өзгелердің жаңалығы