Бірегей құрылғы ойлап тапқан елордалық өнертапқыштарға Канададан шақырту түсті

30 Қараша 2021, 15:58
1005
Бөлісу:
Бірегей құрылғы ойлап тапқан елордалық өнертапқыштарға Канададан шақырту түсті
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ауаны дезинфекциялайтын бірегей құрылғы ойлап тапқан елордалық өнертапқыштар Канадаға шақырту алды. Бұл туралы «IT Smart Dolutions» IТ компаниясының директоры Диляра Төленова хабарлады.

Мамандарымыз ойлап тапқан жүйе әзірге сынақтан өткізіліп жатыр. Бәрі сәтті өтсе, толық өндіріске шығарғымыз келеді. Жаңа жүйенің арқасында жастарға жұмыс орындарының құрылуына да жол ашылады деп ойлаймын. Жаңа кешенге отандық және интеллектуалды меншік институтының патентін алдық. Өнертапқыштарымызға Канада елінен шақырту түсті, - деп атап өтті құрылғының әзірлеушілердің бірі Диляра Төленова.

Сондай-ақ басқару тақтасы дезинфекциялық шамдардың техникалық пайызын бақылауға және төтенше жағдайлар туралы хабарлауға мүмкіндік береді.

«Инновациялар апробациясы» жобасы аясында Астана Innovations енгізуге дайын шешімдері бар компаниялармен жұмыс ісейді. Қазіргі уақытта жүйені пилоттық іске қосу алаңы елордалық №2 мектеп болып отыр. Табысты нәтижелер болған жағдайда, жүйені елорданың басқа мектептерінде де орнату ұсынылады, - деді «Астана Innovations» АҚ атқарушы директоры Жасұлан Кенжеғалиев.

Айта кететін жайт, «Астана Innovations» «ақылды қала» шешіміне негізделген елорда тұрғындары мен қонақтарының өмір сүруіне қолайлы және жайлы жағдай жасайды. Бұл шешім «Астана Innovations» АҚ, «Сарыарқа» ауданы әкімдігімен, Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасымен және «IT SMART SOLUTIONS» компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда.

Бұған дейін аталған автономды және қауіпсіздікті бақылау жүйесі Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 арнайы мектепте ресми түрде іске қосылғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы