Бас жаңалықтар
Бүгін
ШҚО-да құстардың қырылып жатқан видеосы жарияланды
28 Желтоқсан 2018, 09:46 107

ШҚО-да құстардың қырылып жатқан видеосы жарияланды

Астана, BAQ.KZ. Алтай ауданында құстар қырылып жатыр. Ал олардың қырылуына не себеп болғаны белгісіз. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.

Средигорный ауылының тұрғындары бырдай боп қырылып жатқан кептер мен қарғаларды видеоға түсіріп алған. Арасында кейбіреуі қозғалады демесеңіз, өлмеген жаны ғана жатыр.

Ауыл тұрғындары бұған шаруа қожалықтарының қандай да бір әрекеті себеп болуы мүмкін деп болжайды. Дегенмен, құстардың қатты аяздан да қырылып қалуы ғажап емес. Соңғы күндері бұл жақтағы ауа температурасы 39 градусқа дейін түсіп кеткен болатын.

Қырылған қанаттылар аудан орталығына арнайы мамандарға жөнелтілді. Жағдайдың нақты себебі сол жерде анықталмақ.

Сізден жаңалық