Бас жаңалықтар
Құс тұмауы: АШМ басшылығы эпиджағдайды бақылау үшін СҚО-ға келді
PHOTO
19 Қыркүйек 2020, 17:29 159

Құс тұмауы: АШМ басшылығы эпиджағдайды бақылау үшін СҚО-ға келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың тапсырмасымен вице-министр Гульмира Исаева бастаған арнайы топ Солтүстік Қазақстан өңіріне келіп, облыста жоғары патогенді құс тұмауының таралуына жол бермеу мақсатында жасалып жатқан кешенді шаралардың барысын тексерді.


Комиссия өңірдегі құс фабрикаларының басшыларымен кәсіпорындар айналасында «биологиялық қауіпсіз әрі оқшауланған» аймақтар құру мәселесі бойынша келіссөздер жүргізді. Барлық қажетті талап орындалған жағдайда өңірдің құс фабрикалары өз өнімдерін еркін өткізу құқығын алады.

Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда 2005 жылдан бері құс тұмауы тіркелмеген. Сондықтан біз Солтүстік Қазақстан облысына өңірде індетке қарсы жұмысты дұрыс үйлестіруге және вакцинация шараларын ұйымдастыруға, ауру ошақтары анықталған аумақтарды және құстардың өлекселерін жоюға көмектесу үшін келдік. Тәуекелдерді бағалау және құс тұмауының одан әрі таралуын болдырмау үшін барлық іс-әрекеттің дұрыстығына көз жеткізу өте маңызды.
Сондай-ақ, біздің міндетіміз - өлген құстың иелеріне өтемақы төлеу бойынша жұмысты жолға қою. Бізбен бірге Республикалық эпизоотияға қарсы отрядтың басшысы өз мамандарымен келді. Олар өтініштерді қабылдап, заңға сәйкес төлемдер жүргізеді, - деді арнайы топтың келу мақсаты туралы ҚР АШМ вице-министрі.

Солтүстік Қазақстан облысындағы жағдай және арнайы топтың сапары туралы толық ақпаратты ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева дүйсенбі, яғни 21 қыркүйек күні ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында айтатын болады.


Фото: дереккөз
Загрузка...