Бір жылда 25 мыңнан астам адам шетелге көшіп кеткен
3 Желтоқсан 2021, 10:47 188

Бір жылда 25 мыңнан астам адам шетелге көшіп кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл 9 айдың ішінде 25 мыңнан аса қазақстандық шетелге қоныс аударған. Халықтың көші-қоны туралы ақпаратты Ұлттық статистика бюросы ресми сайтында жариялады. 

Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 7246 адамды, елімізден кеткендердің саны 25322 адамды, көші-қонның айырымы -18076 адамды құрады, - делінген хабарламада.  
Бюроның мәліметі бойынша, бұл процесс көршілес мемлекеттер арасында жүріп жатыр. Сондай-ақ ел ішінде қала ауыстырушылар саны былтырға қарағанда артқан. Статистикаға қарасақ, Алматы қаласына қоныс аударушылар саны басым. 
Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі 84,2% және 86,0% құрады. Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 2020 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 0,2%-ға артты. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 4 өңірінде байқалды: Алматы (22346 адам), Нұр-Сұлтан (21718 адам), Шымкент (9568 адам) қалаларында және Маңғыстау облысында (248 адам), - деп жазады Ұлттық статистика бюросы.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...