Бір жыл ішінде шетелдік нөмірлі көліктерден қанша салық түсті?

30 Қыркүйек 2021, 14:26
1301
Бөлісу:
Бір жыл ішінде шетелдік нөмірлі көліктерден қанша салық түсті?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздегі шетелдік нөмірлі көліктердің салық мәселесі қалай жүзеге асырылады. Бір жыл ішінде бұл көліктерден мемлекетке қанша салық түсті? Бұл сұраққа ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев жауап берді.

Бұл өте маңызды мәселелердің бірі. Өздеріңіз білетіндей, былтыр Армениядан келген көліктер туралы шу шыққан болатын. Шешім бойынша оларды уақытша тіркеуге қойдық. Әкелінген көліктерден шамамен 350 млн теңге мөлшерінде мемлекетке салық түсті. Ал егер басқа елдерден әкелінген көліктерді айтатын болсақ, жарлыққа сәйкес бір жылға дейін жүріп-тұруына уақыт беріледі. Одан кейін оларды шетелге шығару керек не болмаса тіркеуге қою қажет, -деді ол.

Сонымен қатар ол Декларациядан өтпеген азаматтарға қандай шаралар қолданылатынын айтты.

Декларацияны дер кезінде тапсырмаған жағдайда ескерту алады. Ал бұл жағдай екінші рет қайланатын болса 15 айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салынады, -дейді ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары.

Сөз соңында жалпыға бірдей декларацияның ережелерін түсіндіру үшін 1414 байланыс орталығы іске қосылғанын айтты.

Бұдан басқа ел азаматтары декларацияға қатысты толық ақпаратты Қаржы комитетінің ресми сайтында сонымен қатар Жалпыға бірдей декларация бөлімінде алуға болады, -деді Іңкәрбаев.
Өзгелердің жаңалығы