Бас жаңалықтар
Бір шыны кофе де алмайсың. Жұманғарин әуежайлардағы қымбатшылық қалай реттелетінін айтты
21 Сәуiр 2021, 18:18 359

Бір шыны кофе де алмайсың. Жұманғарин әуежайлардағы қымбатшылық қалай реттелетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин «Қазақпарат» ХАА АҚ ұжымымен кездесу барысында әуежайлардағы қымбатшылық туралы айтты.

Әуежайларға келетін болсақ, олардың аймағында барлығы қымбат. Бағалары аспандап тұр. Бұл шын мәнісінде психологиялық проблемаға айналды. Біз әуежайлардан ештеңе сатып алмаймыз. «Әуежайға бармай тұрып, қалада бір жерден тамақтанып алайық». Бір шыны кофе де сатып алмайсың. Бұл неге олай болады? Әуежайдағы қызмет көрсету үш түрге бөлінеді. Бұл инфрақұрылым, жүкті алатын жер. Ондай екінші орын қоя алмайсың. Әрине оны тек әуежай жасайтыны белгілі, - деді Жұманғарин.

Оның айтуынша, екінші қызмет түрі – перрондағы көліктерге жанармай құю, тазалық жұмыстары.

Осы жерге тағы бір жеткізушіні қоюға болады. Ал үшінші қызметке терминал ішіндегі тамақтану мен жүкті орау жұмыстары кіреді. Оны байқау бойынша өткізу керек. Қазір әуежайлардағы қызметке бірдей қол жеткізу жолын қарастырып жатырмыз. Қуаттылығы 2 млн жолаушыны құрайтын Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент әуежайларынан бастаймыз. Бәсекелестік орта қалыптасқан соң, баға қолжетімді болады. Әуежайларға айыппұл салсаң, банкротқа ұшырап, атын өзгертіп тағы шығады, - деді ол.
Бұған дейін ол билет бағасын қымбаттатқан әуе компаниялары қалай жазаланатынын айтты.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...