Нұр-Сұлтаннан Алматыға бір реттік қосымша пойыздар қатынайды

15 Шілде 2019, 14:47
2076
Бөлісу:
Нұр-Сұлтаннан Алматыға бір реттік қосымша пойыздар қатынайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыға Нұр-Сұлтаннан бір реттік қосымша пойыздар қатынайды, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

«2019 жылдың 19 және 20 шілде күндері № 202/201 «Нұр-Сұлтан Нұрлы Жол – Алматы-2» бағыты бойынша екі жолаушылар пойызы сапарға шығады. Жөнелту уақыты – 17 сағат 16 минутта. Екі пойыз жаңа 25 плацкарт вагондарынан құралған. Вагондар заман талабына сай кондиционер, су сүзгіш, өртке қарсы жүйе, биотуалет қондырғыларымен жабдықталған. Әр вагонда 54 орын бар», - делінген компанияның баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, Алматыға жеткеннен кейін бұл жаңа вагондар тұрақты түрде «Алматы – Маңғыстау» бағыты бойынша қатынайтын болады.

Өзгелердің жаңалығы