Бас жаңалықтар
Бір ғана отбасының емес, бүкіл еліміздің басына түскен трагедия. Тоқаев көңіл айтты
20 Ақпан 2021, 16:38 625

Бір ғана отбасының емес, бүкіл еліміздің басына түскен трагедия. Тоқаев көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Жаңатаста қаза болған балалардың ата-аналарына көңіл айтты, деп жазды Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңатас қаласында болған өрт салдарынан балалардың қаза болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы Әбдімәліковтер отбасының қайғыларын бөлісіп, қаза болған балалардың ата-аналары мен туыстарына жұбату лебізін білдірді. Президент бұл жағдайды бір ғана отбасының емес, бүкіл еліміздің басына түскен трагедия деп санайды. Ол балалардың ата-аналарына жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды. Мемлекет басшысының көңіл айту жеделхатын Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жеткізді, - деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы.

Айта кетейік, кеше Жаңатастағы тұрғын үйден өрт шығып, бір үйдің бес бірдей бүлдіршіні қаза тапты. Жергілікті атқарушы орган отбасыға көмек беріп жатыр. Бүгін осы қайғылы оқиғаға қатысты жаңа ақпарат пайда болып, өрт неден шығуы мүмкін екені айтылды. Сонымен қатар балалардың ата-аналары қандай қызметпен айналысқаны белгілі болды.

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Загрузка...
// (function (d, w, c) {(w[c] = w[c] || []).push(function () {try {w.yaCounter34776245 = new Ya.Metrika({id: 34776245,clickmap: true,trackLinks: true,accurateTrackBounce: true,webvisor: true,trackHash: true});} catch (e) {}});var n = d.getElementsByTagName("script")[0],s = d.createElement("script"),f = function () {n.parentNode.insertBefore(s, n);};s.type = "text/javascript";s.async = true;s.src = "https://mc.yandex.ru/metrika/watch.js";if (w.opera == "[object Opera]") {d.addEventListener("DOMContentLoaded", f, false);}else {f();}})(document, window, "yandex_metrika_callbacks");//