Бір-бірімізге қатігез мінез танытсақ, мемлекетімізге, ұлтымызға үлкен сын келері анық – Сайыров

12 Қаңтар 2022, 12:07
2406
Бөлісу:
Бір-бірімізге қатігез мінез танытсақ, мемлекетімізге, ұлтымызға үлкен сын келері анық – Сайыров

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ерлан Сайыров әлеуметтік желіде жазды.

Қазақ халқының  сырт көзге көрінбейтін, әр қандастың ішкі жан дүниесінде ғана сезілетін ағайындық, бауырластық, ішкі өзара ынтымақтастық аурасы бар. Оны көпшілігіміз "қазақылық" дейміз. Бұл расында біздің халықты бір құндылық, бізді  өзара көмек, бауырластық сезімі аясында жұмылдыруға қабілетті ортақтасу сезімі. Мемлекет боламыз десек, осы "қазақылық" сезімімізден айырылмауымыз керек. 

Сайыров өзара сыйластықты сақтап, басқаның пікіріне төзіммен қарау керек екенін де айтты.

Қазақылық дегеніміз – өзара сыйластық, басқаның пікіріне төзіммен қарау,  бір-бірімізді қараламау,  ұлттық, ұлтаралық төзімсіздіктің барлық түрлеріне қарсы шығу, ұлттық сана-сезімді сақтау, бір-бірімізге деген бауырмалық, туыстық сезімімізді жат пиғылға жығып бермеу. "Басқаларға" құрметпен қарау, басқа тіл, басқа діннің өкілдерінің пайымын сыйлау. "Жүз гүл гүлдесін" принципі! Қазақстан мемлекетінің негізгі фундаменті осы сана-сезім! Бүгіндегі ең басты мәселе, осы ғажайып, инабатты, салмақты  өзара бауырластық сезімімізді жоғалтып алмау! Біз өзара қатал, бір-бірімізге төзімсіз, қатігез мінез танытсақ, мемлекетімізге, ұлтымызға үлкен сын келері анық! Сөздік агрессия, қаталдық, төзімсіздік ұлттық бірлікке қарама-қарсы акт! Сондықтан, бауырмалық, ықпалдастық, ынтымақ, өзара сыйластық ең басты міндет! Осыған дағдыланып, үйренуіміз керек! "Әр қазақ – менің жалғызым!", – деп жазды Сайыров.

Өзгелердің жаңалығы