Бір айдың ішінде елордада 13 адамды кене шағып алған

13 Мамыр 2022, 16:44
1898
Бөлісу:
Бір айдың ішінде елордада 13 адамды кене шағып алған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елордалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бөлім басшысы Нағима Шатаева айтып берді.

Биыл сәуір айының басынан бастап Нұр-Сұлтан қаласының стационарына кене шаққан 13 адам медициналық көмек алу үшін жүгінді. Көрсетілген адамдар тұрақты термометриямен жиырма бір күн бойы тұрғылықты жері бойынша диспансерлік бақылауға алынды. Былтырғы жылғы барлық эпидемиологиялық маусымда - 67 адам және 2021 жылы - 157 адам қадағалауда болды, - деп атап өтті ведомство өкілі. 

Маманның айтуынша, аса қауіпті инфекция зертханасының сараптама орталығына 15 адам кене, туляремияға, кене энцефалитіне тексерілген. Ал астанада Dermacentor pictus және Dermacentor marginatus түрлеріне иксод кенелері басым деп отыр.  

Сонымен қатар Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің маманы кене шағудан қорғанудың жолдарын атады. 

Егер сіз орманға, табиғат аясына, саяжайға, пикникке жиналсаңыз, кене теріңізге өтпейтіндей киініңіз. Өйткені кене алдымен құлақтың арты, қолтық, мойын сынды қан соруға ыңғайлы орынды іздейді. Ол екі сағат бойы солай өзіне қолайлы жерді іздеп жүре алады. Шалбарды шұлығыңыз немесе киімге салып киіңіз, орманға тығыз бекітілген манжет үстінен жемпір киіңіз, - деді Нағима Шатаева. 

Ал табиғат аясынан келген соң киімді шешіп, қарап, ашық ауада 5-10 сағатқа іліп қойған жөн. Иттер мен мысықтарды тексеріп қою артықтық етпейді деп отыр маман.

Өзгелердің жаңалығы