Бір айда елде тұрғын үй бағасы қаншаға өсті?

9 Наурыз 2021, 19:29
3044
Бөлісу:
Бір айда елде тұрғын үй бағасы қаншаға өсті?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елдегі бір шаршы метр жаңа тұрғын үйдің орташа бағасы 322 968 теңге. Ақпан айындағы өсім 7,7% құрады, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

Бір айда (2021 жылғы ақпан 2021 жылғы қаңтар) абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату бағалары – 3,1%, жаңа тұрғын үйлерді сату 1,2% өсті. Тұрғын үйді жалға алу төлемі 1,6% жоғары болды. 

Бір шаршы метр жаңа тұрғын үйдің орташа бағасы 322 968 теңгеге жетіп, ақпан айындағы өсім 7,7% құрады. Ал көпқабатты тұрғын үйдегі пәтердің орташа бағасы шаршы метрі үшін 252 358 теңге. Өсім – 19,1%. 

Үйді жалға алу бағасы орташа шаршы метрі үшін 1 714 теңгені құрап, өсім 10,7% жетті.

Қаңтар айында екінші нарықтағы тұрғын үйдің шаршы метр үшін 244,7 мың теңгені құрап, бірден тыс. 7,2%-ға өсті. 

Соңғы бес жылда бір айда баға мұншаға көтерілмеген. 

Ал екінші нарықтағы тұрғын үй бағасының жылдық өсімі – 20,5%-ды құрап отыр.

Өзгелердің жаңалығы