Бір айда 22 адам жол апатынан көз жұмған

3 Ақпан 2019, 16:24
1532
Бөлісу:
Бір айда 22 адам жол апатынан көз жұмған

Астана, BAQ.KZ. Жыл басталғалы Түркістан облысы мен Шымкент қаласында 22 адам жол-көлік оқиғасынан көз жұмған. Тағы 19-ы түрлі жарақаттан зардап шеккен.

Бұл мәлімет ҚР бас прокуратурасының құқықтық статистика және ақпарат орталығының ақпараттар картасынан алынды, деп жазады otyrar.kz. 2019 жылдың қаңтар айында 21 жол-көлік оқиғасы орын алған. Оның 7-еуі Шымкентте.

Ресми ақпараттарға сүйенсек, бір ғана Түлкібас ауданы, Шақпақ баба ауылында көлік жүргізушісі мас күйінде жаяу жүргіншіні қағып өлтірген. Басқа жол-көлік оқиғаларына себепкер көлік жүргізушілер темір тұлпарды сап сау күйінде тізгіндеп апатқа жол берген.

Ал қоғамдық көліктің жаяу жүргіншіні қағып кетуіне байланысты 2 факті тіркелген. Бірінде шымкенттік көше сыпырушы мерт болса, ұқсас жағдай Сарыағаш ауданы, Бесікбөр ауылында орын алған. Адам өлімімен аяқталған барлық апат жылдамдықты арттыру, жол ережелерін сақтамау салдарынан болған.

Өзгелердің жаңалығы