«Бір аудан – бір кәсіпорын». Министр су арналарын ірілендіруді ұсынды

4 Мамыр 2022, 11:17
1582
Бөлісу:
«Бір аудан – бір кәсіпорын». Министр су арналарын ірілендіруді ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді. 

Салынған су құбыры желілері іс жүзінде әкімдіктердің теңгерімінде қалады не болмаса білікті мамандары мен арнайы мамандандырылған техникасы жоқ кәсіпорындар мен ұйымдарға беріліп жатады. Әкімдіктердің ақпаратына сәйкес, 275 ауылда сумен жабдықтау желілеріне әкімдіктермен қызмет көрсетілсе,335 ауылда бұл жұмысқа бейінделмеген кәсіпорындар қызмет көрсетеді. Бұл өз кезегінде желілердің тез арада тозуына әкеп соғады және қайта қалпына келтіру үшін қосымша шығынды талап етеді, - деді Үкімет басшысының алдында баяндама оқыған министр.

Шығынды азайту үшін ол өз тарапынан ұсынысын алға тартты.  

Осыған байланысты су желілеріне тиісті қызмет көрсету үшін «бір аудан – бір кәсіпорын» қағидаты бойынша су арналарын ірілендіру ұсынылады. Бұл шара көрсетілетін қызмет сапасын және жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жарғылық капиталын ұлғайту арқылы су арналарының материалдық-техникалық базасын жақсарту жөнінде шаралар қабылдауы қажет, - деді ведомство басшысы. 

Сондай-ақ министр Өскенбаев халықты ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі министрліктің тұрақты бақылауында деп отыр. Мемлекет басшысының халықты бес жылдың ішінде ауыз сумен қамтамасыз ету туралы тапсырмасы кезең-кезеңмен 2025 жылға дейін орындалатына уәде берді.

Өзгелердің жаңалығы