Бірқатар облыста дауылды ескерту жарияланды

21 Қыркүйек 2020, 09:26
1153
Бөлісу:
Бірқатар облыста дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 қыркүйекке Қазақстанның бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

21 қыркүйекте Атырау облысының кей жерінде солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді.

Күндіз 21 қыркүйекте Ақтөбе облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерінде 15-20 м/с жетеді.

21 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с жетеді деп болжануда. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

21 қыркүйекте Қарағанды облысында кей жерінде найзағай, дауыл, бұршақ жауады. Онтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерінде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

21 қыркүйекте Қостанай облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

21 қыркүйекте Ақмола облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде кей жерде 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с сақталады.

Нұр-Сұлтан қаласында 21 қыркүйекте оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с сақталады.

21 қыркүйек түнде Батыс-Қазақстан облысының кей жерінде найзағай болады. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші кей жерде 15-20 м/с жетеді.

21 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетпек.

Күндіз 21, түнде 22 қыркүйекте Жамбыл облысында кей жерде найзағай болады. Күндіз 21, 22 қыркүйекте кей жерде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетпек.

Өзгелердің жаңалығы