Бірқатар аймақта ауа райы туралы ескерту жарияланды

12 Қаңтар 2019, 17:16
1931
Бөлісу:
Бірқатар аймақта ауа райы туралы ескерту жарияланды

Астана, baq.kz. Ауа райы қолайсыздығына байланысты Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

13 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын болады. Оңтүстіктен соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай қаласында бұрқасын болып, оңтүстіктен қатты жел соғады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болмақ.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде жаяу бұрқасын болып, тұман түседі. Оңтүстіктен соққан желдің күші күндіз кей жерлерде 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с болады.

Петропавл қаласында оңтүстіктен соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метр болмақ.

Өзгелердің жаңалығы