Бір аптада 100-ден астам карантин талабы бұзылған

20 Ақпан 2021, 22:57
1592
Бөлісу:
Бір аптада 100-ден астам карантин талабы бұзылған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласында 2021 жылдың ақпан айының 13 мен 19 аралығында мониторингтік топтар тарапынан 1 051 объекті тексеріліп, 115 бұзушылық анықталған. Соңғы тәулікте (19 ақпан) 18 бұзушылық тіркеліп, жалпы сомасы 3 млн 369 мың теңгеге айыппұл салынған.

Олардың арасында, Алатау ауданы бойынша:

Сұлулық салонының, кешен қызметкерлері бетпердесіз жұмыс істеген; дүкендерде, еденде арақашықтықты сақтау керектігін көрсететін арнайы белгілер болмаған;

Қызметіне тыйым салынғанына қарамастан кейбір клубтар жұмысын жалғастырған.

Алмалы ауданы бойынша: 

Бар, кафесі, компьютерлік клуб т.б. қызметін тоқтату туралы сот шешіміне қарамастан жұмысын жалғастырған; Ойын клубтары сот шешіміне қарамастан, жұмыс істеген;

Әуезов ауданы бойынша: 

Кафе қызметкерлері бетперде режимін сақтамаған.

Бостандық ауданы бойынша:

Сұлулық салонында бетперде режимі сақталмаған; лаунж бар жұмыс режимін және бетперде режимін сақтамаған.

Жетісу ауданы бойынша:

Кешенде және кафелерде бетпердесіз қызмет көрсетілген;

Медеу ауданы бойынша:

Дүкендер карантин шараларын бұзған.

Түрксіб ауданы бойынша:

Компьютерлік клубта бетперде режимі сақталмаған.

Наурызбай ауданы бойынша:

Дүкенде бетпердесіз қызмет көрсетілген.

Жалпы, Алматы қаласында 2021 жылдың 1-ші қаңтары мен 19-шы ақпан аралығында мониторингтік топтар 5 394 объектіні тексеріп, 456 құқық бұзушылық анықтаған. 472 хаттама жасалған, оның ішінде заңды тұлғаларға 37 261 260 теңге сомасына 103 хаттама толтырылған, жеке тұлғаларға қатысты бетперде режимін бұзғаны үшін 16 233 105 теңге сомасында 369 хаттама жасалған. Аталған кезең аралығында 44 материал сотқа жіберіліп, олардың 16-сы бойынша сот шешімі шыққан.

Өзгелердің жаңалығы