Бір алтын, бір күміс: Қазақстандық зілтеміршілер Азия чемпионатын сәтті бастады

18 Сәуір 2021, 17:45
1375
Бөлісу:
Бір алтын, бір күміс: Қазақстандық зілтеміршілер Азия чемпионатын сәтті бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы екі медаль түсті деп хабарлайды Olympic.kz.  

Ерлер арасында 55 келіге дейінгі салмақта Арли Чонтей чемпион атанды. Ол екі бағдарлама қорытындысы бойынша 255 келіні (115+140) бағындырған.  Күміс жүлдені тағы бір қазақстандық ауыр атлет Абылай Әуелханов еншіледі. Абылай 244 келіні (108+136) еңсерген.  

Бүгін Зүлфия Чиншало мен Игорь Сон жүлдеге таласатынын естеріңізге саламыз.

Өзгелердің жаңалығы