Бас жаңалықтар
Бір адамға 2-3 қорап дәрі ғана сатылады – ДСМ
01 Шілде 2020, 15:55 172

Бір адамға 2-3 қорап дәрі ғана сатылады – ДСМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова "COVID-19 диагностикасымен қамтуды көбейту. Халықтың өсіп келе жатқан сұранысына байланысты дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарын жеткізуі туралы" сараптамалық брифингі барысында бір адамға қанша қорап дәрі сатылатыны туралы айтты.

Бүгінде бір адамға препараттардың 2-3 қаптамасы ғана сатылуына қатысты бірнеше аймақта әкімдіктер және бөлшектік сауда желілері қауымдастықтарымен меморандум жасалды. Жақында қалған өңірлер де қосылмақ. Бір адамды емдеу курсына дәл осы көлемдегі дәрі қолданылады. Препараттардың жарамдылық мерзімі бар, сондықтан олар үйде бос жатып қалмауы керек, - деді ол.

Людмила Бюрабекова бір үйде бірнеше адам ауырып, ал, дәріхана дәріні тек бір адамға арналған шекті көлеммен берген жағдайда не істеу керегін де айтты. Оның айтуынша, мұндай жағдайда пациенттің емделу курсы нақты жазылған дәрігердің нұсқаулығын көрсету керек.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой күні кеше өткізген брифинг барысында Үкімет 1,2 млн ПТР-тест сатып алу үшін миллирдқа жуық теңге бөлгенін айтқан болатын. Осы орайда вице-министр бір ПТР тесттің бағасы неліктен он мың теңгеден жоғары екенін түсіндіріп берді.

ПТР-тесттің бағасы тесттің өзі үшін емес, оның қызметі үшін төленеді. Яғни, тестті өткізуге арналған материалдар, олар 40-тан астам зертханалық заттар, медициналық персоналға арналған қорғаныш заттары, олардың еңбекақысы деген сияқты кешенді қызмет. Сондықтан, бір тесттің бағасы он мың теңгеден асады, - деді ол.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...