Бас жаңалықтар
Биологиялық қорғаныш костюмін дұрыс қолдану маңызды
24 Қаңтар 2021, 19:00 195

Биологиялық қорғаныш костюмін дұрыс қолдану маңызды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустық инфекцияның алдын алудың ең бірінші талаптарына – жеке қорғану шараларын орындау. Медициналық қызметкерлердің бұл індеттің жұмыс барысында жұқтыру қаупі болғандықтан, барлық медицина қызметкерлері жеке қорғану құралдарымен толық қамтамасыз етілген. 

Алайда, медициналық қызметкерлердің жұмыс барысында COVID19 індетін жұқтыру себептерінің біріне жеке қорғану құралдарымен дұрыс пайдаланбау жатады. 

Осы орайда Жамбыл облысының Санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаменті медицина қызметкерлеріне, биологиялық қауіпсіздік бойынша нұсқамалық және биологиялық қорғаныш костюмды дұрыс қолдану техникасы бойынша жаттығу сабақтары үнемі жүргізілуде.

2021 жылдың 21 қаңтар күні Тараз қаласының КВИ ошағында жұмыс атқаратын эпидемиологтары арасында биологиялық қауіпсіздік және сақтық шараларын пысықтау мақсатында жаттығу сабағы өткізілді. Жаттығу сабағында эпидемиологтардың биологиялық қорғаныш костюмды дұрыс қолдану техникасы тексерілді.


Фото: дереккөз
Загрузка...