Биологиялық қауіпсіздік осал болып отыр. Назарбаев ДДСҰ-ға арнайы мандат беруді ұсынды

17 Қараша 2021, 16:42
953
Бөлісу:
Биологиялық қауіпсіздік осал болып отыр. Назарбаев ДДСҰ-ға арнайы мандат беруді ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Астана клуб» отырысына онлайн қатысқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

Қытай біздің көршіміз. Вирус сонда пайда болды. Біз індеттің бізге келуіне қатысты қатты алаңдадық. ДДСҰ нығая түсуі керек. Әлем оған Жерде осындай жағдай туындаса нақты жұмыс істейтін арнайы мандат пен қызметті беруі керек. Біздің жоспарымыз әлсіз болды. Ғылым мен білім бола тұра бұл жағдайды болжай алмадық. Биологиялық қауіпсіздік осал болып отыр, - деді ол.
Елбасы осы мәселелерге нақты назар аудару қажет екенін айтты.
Бұл жағдайлардан ылдам түрде шешім шығару керек. Алдағы пандемияларға жол бермеу керек. Бұл – соңғы пандемия емес. Бұл орайда ұлттық негіз де бар. Сондықтан оған барлығымыз бірдей дайындалуымыз керек. Сондай-ақ вакцинаны біркелкі жеткізу мәселесі де тұр. Кейбір мемлекет вакцинаны көп көлемде өндіреді. Бірақ мұқтаждарға бермейді. Бұл-дұрыс емес. Біз алдын ала БҰҰ-мен келісімге келіп, болашақта бұл мәселені шешуіміз керек, - деді Назарбаев.

Ол атағандай, бұл зұлымдықпен әлем болып күресу керек.
Өзгелердің жаңалығы