Билл Гейтс коронавируспен күрес шараларына 5 млн доллар бөлді

27 Қаңтар 2020, 20:22
1867
Бөлісу:
Билл Гейтс коронавируспен күрес шараларына 5 млн доллар бөлді

Алматы, BAQ.KZ. Билл мен Мелинда Гейтс қайырымдылық қоры Қытайдағы серіктестерімен бірге қауіпті вирусқа қарсы белсенді әрекет етуде. Бұл туралы China Daily басылымы жазды.

Бөлінген қаражат вирус жұқтырғандарды анықтауға, оларды карантин аймағына орналастыруға және емдеуге жұмасалады. Сонымен қатар, вирусқа қарсы екпені әзірлеу жұмыстарын жеделдетуге септігін тигізбек.

Бұл аурудың тарап жатқанына алаңдаулымыз әрі осы пневмониамен күресте алдыңғы қатарда жүрген адамдарға деген құрметіміз зор, - дейді Қордың Қытайдағы бөлімшесінің директоры Ли Ино.

Өзгелердің жаңалығы