«Білімді ұлт»: 1000 мектеп салу бойынша арнайы сайт ашылады

21 Қазан 2021, 17:34
3078
Бөлісу:
«Білімді ұлт»: 1000 мектеп салу бойынша арнайы сайт ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Білімді ұлт» сапалы білім беру ұлттық жобасының аясында арнайы сайт ашылатынын айтты.

«Білімді ұлт» сапалы білім беру ұлттық жобасының шеңберінде білім саласының барлық деңгейіндегі ең түйіткілді, ең маңызды мәселелер қарастырылды. Ұлттық жобада енгізілмеген басқа да өзекті мәселелер тиісті саланы дамыту концепциясында қарастырылып жатыр. 1000 мектепті салу бойынша арнайы сайт дайындап жатырмыз, - деді Асхат Аймағамбетов.
«Білімді ұлт»: 1000 мектеп салу бойынша арнайы сайт ашылады

Айтуынша, сайтта интерактивті карта болады.

Онда қай елді-мекенде, қай жылы салынатыны, онда неше орындық мектеп болатыны туралы мәліметтер болады. Сондай-ақ ол мектептің бақылау жұмысы, оның құрылыс жұмыстары қандай деңгейде жүріп жатқаны туралы сұрақтарға жауап береді, - деді бас ұстаз.

Өзгелердің жаңалығы