Білім және ғылым министрлігі ескертеді!
7 Қаңтар, 11:27 221

Білім және ғылым министрлігі ескертеді!

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім және ғылым министрлігі елдегі жағдайға байланысты ата-аналарға ескерту жариялады.

Құрметті қазақстандықтар! Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында барлық ата-аналардан балаларын қараусыз қалдырмауын және көшеге шықпауын қадағалауды сұраймыз - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Сонымен қатар министрлік Білім беру ұйымдарының жұмысы туралы айтты. 

30 желтоқсан мен 10 қаңтар аралығында мектеп оқушылары қысқы демалыста. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен қысқы каникул 17 қаңтарға дейін ұзартылды. Мектеп мұғалімдері каникул кезінде елді мекендегі жағдайға байланысты қашықтан немесе дәстүрлі форматта жұмыс істейді. Балабақшалар да нақты елді мекендегі жағдайға байланысты жұмыс істейді. Колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері академиялық күнтізбеге қарай 24 қаңтарға дейін каникулда болады.

 Балалардың құқықтарын қорғаумен байланысты барлық сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 8 7172-74-25-28, 8​ 776-170-7383, 8​ 777​-183-6567, 8-701​-378- 66-29​ жедел желісіне хабарласуға болады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...