Арыс мектебінде қаз-қатар қойылған унитаздарға қатысты түсініктеме берілді

21 Қазан 2021, 15:58
7364
Бөлісу:
Арыс мектебінде қаз-қатар қойылған унитаздарға қатысты түсініктеме берілді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Facebook әлеуметтік желісінде журналист Гүлмира Әбіқайдың Арыс қаласындағы №8 В.Комаров атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің әжетханасы төңірегіндегі жазбасы бойынша Арыс қаласының Білім бөлімі мәлімдеме жасады.

Бұл туралы ҚР БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған мектеп орталық кәріз жүйесінен 150 метр қашықтықта орналасқандықтан, сметалық құжаттар жасалынып жатқан кезеңде 230 метр кәріз құбырын екі ғимараттан тартуға қомақты қаражат жұмсалуына байланысты әжетхана арасын бөлу жұмыстарына қаржы жеткіліксіз болды. Осыған орай, көтерілген мәселе бойынша биылғы жылда аталған мектепке тиісті қаржы қарастырылып, әжетханалар арасын бөлу жұмыстары (перегородкалар) жасалынады, - делінген ведомство мәлімдемесінде.
Еске салсақ, кеше журналист өзінің әлеуметтік желісінде осы мәселені көтеріп, жазба қалдырған болатын.


Дәретхана далада болмасын дегенге аямай салған екен-ау. Арыс қаласындағы (Түркістан обл.) 8-мектеп. Ал енді осы 9 унитазды бөлмей қатар-қатар қойған пысық ағалар айтыңыздаршы маған: жеке гигиена қайда, пандемия қайда, адам баласының бір-бірінің бетіне қарап дәрет сындырғанын қайдан көріп едіңіз. Топырлаған унитазға бала болып бастауыштар отырмаса, есі кіріп қалған жоғары сынып оқушылары есіктен ене алмай жүр, - деп жазды Әбіқай.

Өзгелердің жаңалығы