Білім беруді цифрландыру. Қандай санат ұтылады

29 Маусым 2020, 17:52
2565
Бөлісу:
Білім беруді цифрландыру. Қандай санат ұтылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Онлайн өткен "Astana Finance days 2020" панельдік сессиясында БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен онлайн оқыту кезіндегі туындаған мәселелер туралы айтып берді. 

Қазақстанда наурыздың басында мектептер күндізгі оқыту режимінен цифрлыққа көшті. Көп елде білім беру жүйесі осы сынды қиындыққа тап болды. Бәрінен бұрын мәліметтерді жіберу қуатына қатысты проблема туындады. Интернетке қосылу сынды сұрақтар да болды. Себебі, елдің бірқатар ауданында интернет желісі ауламады. Барлық үйдің жоғары жылдамдықтағы интернетті алуға мүмкіндігі бірдей жете бермеді, - деді ол. 

Ол атап өткендей, мұғалімдердің де бірқатарында қажетті құрылғылар жетіспеді. 

Оқушыларда да қондырғы тапшылығы жағынан мәселелер болды. Кейбір баланың оқу үрдісіне қатысты қажеттілігі жоғары. Мәселен, мүмкіндігі шектеулі азаматтар өзге оқыту курстарын қажет етеді. Оны карантиндік режимде ұйымдастыру қиынға соқты. Бұл қиындықтар тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің өзге елдерінде де кездесті. Әзірге әлемде цифрлық теңсіздік бар. Бұл цифрлық теңсіздік оқыту теңсіздігіне де алып келеді, - деді Артур ван Дизен. 

Оның айтуынша, интернетке қолжетімсіз санаттың ішінде мүмкіндігі шектеулі балалар, әлеуметтік мекемелерде тәрбиеленетін балалардың болуы әбден мүмкін. 

Ол балалар ұтылады. Олардың оқу бағдарламасын меңгеру бойынша онсыз да проблемалары бар. Ал цифрлық оқыту бұл қиындықтарды арттыра түседі. Егер біз білім беруді цифрлыққа көшіретін болсақ, бұл санаттағы оқушыларды жоғалтамыз. Бұл санат бойынша цифрлық теңсіздік бар, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы