Білім беру ұйымдарына құжаттар Egov.kz арқылы қабылданады

6 Шілде 2020, 19:01
1929
Бөлісу:
Білім беру ұйымдарына құжаттар Egov.kz арқылы қабылданады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау Egov.kz "электронды үкімет" порталы арқылы онлайн жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлады ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

1-сыныпқа құжаттар 1 тамызға дейін қабылданады. Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады. Құжаттар мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы 3 өтініш берушіден, одан кейін басқа шағын учаскеден 1 өтініш берушіден (3:1 қағидаты бойынша) қабылданады.

20 маусым мен 25 тамыз аралығында колледждерге құжаттар қабылданады. Биыл қабылдау емтихандары өткізілмейді, конкурс аттестаттың міндетті және бейінді пәндерінің жиынтық балы бойынша жүргізіледі. Педагогикалық, медициналық және шығармашылық мамандықтар үшін арнайы конкурстар өткізіледі.

13-20 шілде аралығында мемлекеттік білім гранттары конкурсына құжаттарды қабылдау басталады.

Медициналық анықтамаларды алу бойынша туындап жатқан қиындықтарға байланысты, медициналық анықтамаларды кейін, оқу жылы басталғанға дейін өткізуге рұқсат етілді, - делінген ведомство хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы