Білім басқармасы мектептегі «көрінбейтін» лифтке қатысты түсініктеме берді

23 Тамыз 2021, 14:18
10594
Бөлісу:
Білім басқармасы мектептегі «көрінбейтін» лифтке қатысты түсініктеме берді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Желіде елордалық мектептегі «көрінбейтін» лифт туралы видео тарады. 

Видеода мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «лифттің» қайда екенін сұраған адамға, мектеп өкілі қабырғаны көрсеткен.

Видеоны Instagram-дағы парақшасында avtozhez тобы жариялады. Мектеп өкілі ғимараттағы баспалдақ әлі дайын болмағанын, дегенмен лифт бар екенін айтады.


Алайда лифтті көрсетуді сұрағанда, ол бос қабырғаны көрсеткен. 

Inbusiness.kz хабарлағандай, Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы көпшілік жаппай талқылап жатқан видео пайдалануға берілмеген жаңа №92 мектепте түсірілгенін түсіндірді. 

Бұл ретте басқарма шын мәнісінде лифттің бар екенін, оның орны қауіпсіздік мақсатында уақытша жабылғанын алға тартты.

Айтуынша, қажетті жабдықдар жақында келеді деп жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы