Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Желіде елордалық мектептегі «көрінбейтін» лифт туралы видео тарады.
Видеода мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «лифттің» қайда екенін сұраған адамға, мектеп өкілі қабырғаны көрсеткен.
Видеоны Instagram-дағы парақшасында avtozhez тобы жариялады. Мектеп өкілі ғимараттағы баспалдақ әлі дайын болмағанын, дегенмен лифт бар екенін айтады.
Алайда лифтті көрсетуді сұрағанда, ол бос қабырғаны көрсеткен.
Inbusiness.kz хабарлағандай, Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы көпшілік жаппай талқылап жатқан видео пайдалануға берілмеген жаңа №92 мектепте түсірілгенін түсіндірді.
Бұл ретте басқарма шын мәнісінде лифттің бар екенін, оның орны қауіпсіздік мақсатында уақытша жабылғанын алға тартты.
Айтуынша, қажетті жабдықдар жақында келеді деп жоспарлануда.