Биліктегі әйелдердің үлесі қандай?

8 Қаңтар 2021, 12:43
3061
Бөлісу:
Биліктегі әйелдердің үлесі қандай?
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері Леся Қаратаева Қазақстандағы сайлау алдындағы күн тәртібін талқылауға арналған дөңгелек үстел барысында биліктегі әйелдердің үлесі туралы айтты. 

Мемлекеттік қызметте 50 мың әйел жұмыс істейді. Бұл мемлекеттік қызметкерлердің 55 пайызын құрайды. 7,5 мың әйел бізде жетекші лауазымға ие, бұл  40 пайызды құрайды. Бұл жетістіктердің барлығы Мемлекеттік істер жөніндегі агенттіктің жүйелі жұмысының нәтижесінде жүзеге асып отыр. Бұл байқаулардың ашықтығын да көрсетеді, - деді Қаратаева. 

Оның айтуынша, Үкіметтегі әйелдер үлесі 8 пайызды құрайды. 

Әкімдіктерде әртүрлі деңгейдегі 260 әйел жұмыс істейді. Оның ішінде 98 пайызы ауыл мен ауылдық округтердің әкімі болып отыр. 2020 жылы алғаш рет облыс әкімдігін әйел басқарды. Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды, - деді ол. 

Қаратаеваның айтуынша, гендерлік теңдік туралы айтқанда оның сапасына да назар аудару өте маңызды. 

Бізге ең алдымен гендерлік таптаурындардан құтылу керек. Ол гендерлік теңдік саласында үлкен көрсеткіштерге ие болмаудың басты себебі болып отыр. Ол әлемге тиесілі проблема. 2020 жылы БҰҰ ДБ адами дамудың әлеуетіне байланысты баяндама ұсынды. Гендерлік теңсіздікке қатысты зерттеу жүргізілген болатын. Оған сәйкес, әлем тұрғындарының 90 пайызында (жынысқа тәуелсіз) гендерлік таптаурын мен түсініктер бар, - деді ол. 

Оның айтуынша, әлем тұрғындарының жартысы ерлерден әйелдерге қарағанда жақсы саяси көшбасшы шығады деп ойлайды. 

Ал 40 пайызы жұмысқа қабылдау кезінде басымдық еркекке берілеуі керек деп есептейді. Сондықтан гендердік теңсіздікті төмендетуде партиялардың рөлі жоғары. Себебі олар билік пен халық арасындағы диалогті қалыптастырады. Олар гендерлік таптаурындарды бұзуға жұмыс істейді, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы