Бас жаңалықтар
Билет құнының жоғары болуына байланысты 2 әуекомпанияға қатысты тергеу басталды
21 Қыркүйек 2019, 12:40 520

Билет құнының жоғары болуына байланысты 2 әуекомпанияға қатысты тергеу басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ұлттық экономика министрлігі «Эйр Астана» АҚ және «Scat» авиакомпаниясы» АҚ-ға қатысты монополияға қарсы заңнаманы сақтау туралы тергеп-тексеру басталғанын хабарлады.

«Азаматтық авиация қызметінің нарықта баға белгілеу практикасын зерделеу мақсатында ҚР ҰЭМ-ің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті «Эйр Астана» АҚ және «SCAT авиакомпаниясы» АҚ-ға қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 1-тармақшасында көзделген бұзушылық белгілері, авиабилеттерге монополиялық жоғары баға белгілеу бөлігінде үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану бойынша тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуге бастамашылық етті», - делінген таратылған хабарламада.

Тергеп-тексеру үшін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің шағымы негіз болды.

Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша авиабилеттерге қолданылатын бағалардың негізділігі бағаланады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық