Билбордтарды Елбасы бастаған жетістіктерді көрсетуге арнау керек – Тоқаев

12 Сәуір 2019, 11:59
2098
Бөлісу:
 Билбордтарды Елбасы бастаған жетістіктерді көрсетуге арнау керек – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың Твиттердегі парақшасында жазылды.

"Ақтауға менің бейнем бар 14 билборд қойғанын маған хабарлады. Менің ойымша, бұл мүлдем орынсыз, мен мұндай насихатты қажет етпеймін. Мұндай әкімшілік ыждахаттылықтың қажеті не?", - деді ҚР Президенті.

Сондай-ақ, ол билбордтар мемлекеттік шынайы жетістігін көрсетуге бағытталу керектігін айтты.

"Билбордтарды Елбасы бастаған мемлекетіміздің шынайы жетістіктерін көрсетуге арнау керек. Бұл менің барлық деңгейдегі әкімдерге нұсқауым", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Өзгелердің жаңалығы