Бидай мен ұнның басым бөлігін Өзбекстан сатып алған

15 Қараша 2019, 21:45
2029
Бөлісу:
Бидай мен ұнның басым бөлігін Өзбекстан сатып алған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  2019 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстаннан 3,8 млн тонна бидай экспортталды, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11%-ға төмен. Қазақстаннан сырт елге сатылған бидайдың жалпы құны 711,1 млн доллар. Тауар экспортынан түскен табыс 16,6%-ға өскен.

Астықтың басым бөлігі , яғни, 1,6 млн тонна Өзбекстанға сатылған. Бұл ақшаға шаққанда 261,7 млн доллар. Ал Тәжікстанға 133 млн долларға 710,7 мың тонна астық экспортталды. Қытайға 62 млн долларға 293,8 мың тонна, Әзербайжанға 44,7 млн долларға 234,1 мың тонна, Түркіменстанға 34,3 млн долларға 180,4 мың тонна астық сатылды.

Бұдан бөлек, Италияға 24,9 млн долларға 117,4 мың тонна астық экспортталды.

Сонымен қатар Қазақстан тоғыз айдың ішінде 231,8 млн долларға 1 млн тонна ұн сатқан. Осылайша ұн экспортының көлемі 34,3%-ға төмендеген. Қазақстандық ұнның басым бөлігін Ауғанстан (143,4 млн теңгеге 614,3 мың тонна) мен Өзбекстан (46,9 млн долларға   263,2 мың тонна) сатып алған.

Өзгелердің жаңалығы