Бибісара Асаубаева ел құрамасына оралғысы келеді

16 Ақпан 2019, 10:42
2224
Бөлісу:
Бибісара Асаубаева ел құрамасына оралғысы келеді

Астана, BAQ.KZ. Елден екі жыл бұрын кеткен талантты қазақстандық шахматшы ФИДЕ мастері Бибісара Асаубаева Қазақстанның шахмат федерациясына (ҚШФ) оралмақ. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.  


«7 ақпанда ҚШФ президентіне спортшының менеджері федерацияға оралу туралы өтінішін айтты. Ресей шахмат федерациясы ауысу туралы келісімді растады. ҚШФ өз кезегінде ФИДЕ-ге өтінішті және керек құжаттарды жіберді. Жақын арада халықаралық шахмат федерациясының шешімі қабылданады деп үміттенеміз», - деді ҚШФ атқарушы директоры Ирина Грищенко. 

Еске сала кетсек, 2 жыл бұрын жас шахматшының менеджері Л.Таңжарықова шәкіртінің Ресей шахмат федерациясына ауысуы туралы шешім қабылдаған болатын.
Өзгелердің жаңалығы