Бибігүл Төлегенова Абай өлеңін оқып, эстафетаны Нұрлан Нығматулинге жолдады

30 Шілде 2019, 10:48
3103
Бөлісу:
Бибігүл Төлегенова Абай өлеңін оқып, эстафетаны Нұрлан Нығматулинге жолдады
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абайдың 175 жылдығына арналған челленджді халықтың сүйіктісі, аты аңызға айналған опера әншісі, өзінің керемет дауысы үшін «қазақтың бұлбұлы» атанған Бибігүл Төлегенова қолдады.

Бибігүл Төлегенова эстафетаны танымал тележурналист, «Астана» телеарнасының бас директоры Бибігүл Жексенбайдан алып, өзінің ерекше даусымен ұлы ақынның өлеңіне жазылған ән орындады.

Өз кезегінде халық әртісі Бибігүл Төлегенова поэтикалық эстафетаны ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулинге жолдады.

Еске сала кетейік, эстафетаның негізгі мәні – қазақстың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың шығармашылығынан үзінді оқып, жалпы халыққа насихаттау.

Өзгелердің жаңалығы