Бибігүл Жексенбай: Президент айтқан соң ғана шешілетін әдет қалыптаспаса екен

20 Қыркүйек 2019, 21:35
2978
Бөлісу:
Бибігүл Жексенбай: Президент айтқан соң ғана шешілетін әдет қалыптаспаса екен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұрындары әлдебір ауылдың немесе ауданның шешілмей жатқан мәселесі фельетон ретінде газет-журналдарға шыға қалған жағдайда көп ұзамай шешімін тауып жататын. Ал мәселенің «Ара» журналына шығуы масқараның биік шыңы іспеттес еді. 

Бұл туралы «Астана» арнасының бас директоры Бибігүл Жексенбай telegram парақшасына жазды.

«Қазір олай емес. Мәселені газет-журналдар, телеарналар қанша көрсетсе де, жазса да айлап, жылдап шешілмеген күйі қала беретін кезі аз емес», - деп жазды Бибігүл Жексенбай.

Сондай-ақ, ол Шығыс Қазақстан облысына қарасты Бұқтырма су қоймасындағы паром мәселесі қалай шешілуі мүмкін екені туралы жазды.

«Мәселен, тамыз айында ШҚО қарасты Бұқтырма су қоймасындағы паром мәселесінің жай-күйі жайлы сюжет жасаған болатынбыз. Тап сол мәселе Президенттің де құлағына жетіпті. Тоқаев мырза өзін қысқа уақытта халықтың мұң-мұқтажына бей-жай қарамайтын Президент ретінде көрсете білді. Күрмеулі мәселелердің шешімі тек қана Президент айтқан соң ғана шешілетін жаман әдет қалыптаспаса екен...», - деп жазды ол.

Өзгелердің жаңалығы