Биатлоннан әлем кубогі кезеңі: спринт бойынша үздіктер анықталды

9 Қаңтар 2021, 03:40
1043
Бөлісу:
Биатлоннан әлем кубогі кезеңі: спринт бойынша үздіктер анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германияның Оберхоф аймағында биатлоннан әлем кубогінің бесінші кезеңі басталды. Әлемдік жарыстың алғашқы күнінде әйелдер арасында спринт бойынша бәсеке өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жарысқа қатысушылар 7,5 км қашықтықты бағындырды. Нәтижесінде, норвегиялық Тириль Экхофф мәре сызығын бірінші болып кесті. Швециялық Ханна Эберг екінші болса, австриялық Лиза Тереза Хаузер үздік үштікті қорытындылады. 

Қазақстандық спортшылар ішінде Елизавета Бельченко мәреге 42-ші болып жетті. Людмила Ахатова 82-ші, Анастасия Кондратьева 98-ші болды.

Өзгелердің жаңалығы