Бас жаңалықтар
Биатлоннан әлем кубогі: Эстафетаға қатысатын қазақстандықтар анықталды
24 Қаңтар 2021, 16:08 234

Биатлоннан әлем кубогі: Эстафетаға қатысатын қазақстандықтар анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Италияның Антхольц аймағында өтіп жатқан биатлоннан әлем кубогінің жетінші кезеңінде әйелдер арасындағы эстафета жеңімпаздары белгілі болады.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті хабарлады.

Жарыс жолына шығатын төрт спортшының әрқайсысы алты шақырымды артқа қалдыруы тиіс. Бұл додаға Қазақстан атынан Елизавета Бельченко, Галина Вишневкая-Шепоренко, Людмила Ахатова, Анастасия Кондратьевалар қатысады.  

Жарысқа жалпы есебі 20 спортшы қатысады. Эстафета Нұр-Сұлтан уақытымен 17:45-те басталады.


Фото: дереккөз
Загрузка...