Биатлоннан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасынан кімдер қатысады?

4 Ақпан 2021, 09:08
1324
Бөлісу:
Биатлоннан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасынан кімдер қатысады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биатлоннан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

10-12 ақпан аралығында Словенияның Поклюка қаласында биатлоннан жылдың ең маңызды додасы өтеді. 

Аталған бәсекеге ел құрама сапынан сегіз спортшы қатысады. 

Ерлер: Мухин Александр, Киреев Владислав, Сирик Сергей, Белецкий Данил. 

Әйелдер: Бельченко Елизавета, Кондратьева Анастасия, Вишневская-Шепоренко Галина, Ахатова Людмила. 

Өзгелердің жаңалығы