БҒМ ЖОО-лардың дәстүрлі оқытуға дайындығы туралы айтты

12 Қаңтар 2021, 13:37
1835
Бөлісу:
БҒМ ЖОО-лардың дәстүрлі оқытуға дайындығы туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-де оқу жылының үшінші тоқсаны туралы өткен онлайн брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов баяндап берді.

Дәстүрлі оқытуға біртіндеп көшуге байланысты ЖОО-лар санитарлық-эпидемиологиялық режимді қамтамасыз ету регламентін қайта қарайды. Оқу корпустарында, жатақханаларда, тамақтану пункттерінде, кітапханаларда және ЖОО аумағында талаптарды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдануда. ЖОО-лар термометрлермен, антисептигі бар санитайзерлермен жабтықталуда, техникалық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, дезинфекциялау тунелдері орнатылады, маскалық режим қамтамасыз етіледі, - деді ол.

Сонымен қатар, жоғары оқу орындарында сабақ кестесін қалыптастыру кезінде аудиториялардың толықтырылуы да ескерілетін болады. 

Оқу аудиториялары мен зертханаларда әлеуметтік қашықтық сақталады. ЖОО-да аудиторияларды өңдеу және желдету үшін сабақтар арасында 20-25 минутқа үзіліс, сондай-ақ студенттердің аудиториядан тыс байланысын болдырмау үшін ауысымдардың жылжымалы кестесі көзделген. Бұдан басқа, ортақ пайдаланылатын жабдықтарды үнемі дезинфекциялау, жұмыс орындары мен зертханаларда, спорт залының толымдылық талаптары 40%-дан аспайтын болады, - деп толықтырды вице-министр.

Эпидемиологиялық талаптарды сақтау және адамдардың жиналу мүмкіндігін болдырмау үшін ЖОО-да бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

Білім алушылардың тұратын жерлерінде Интернеттің болмауы немесе жеткіліксіз жылдамдығы, қажетті компьютерлік техниканың болмауы кезінде білім беру процесінің үздіксіздігін қолдау және қамтамасыз ету мақсатында студенттерге жатақханалардан орындар беріледі. Мәселен, күзгі семестрде 6 мыңнан астам студент жатақханаларда тұрған. Көктемгі семестрде білім алушылар санитарлық талаптарды ескере отырып, бөлмелерде 50%-ға дейінгі сыйымдылықпен  орналастырылады. Ол үшін жатақханаларда студенттердің тұруы мен оқуына барлық жағдай жасалған, - дейді Дәуленов.

Өзгелердің жаңалығы