БҒМ Mail.kz порталымен бірлесіп, цифрлық білім беруді күшейтпек

17 Маусым 2021, 11:33
5732
Бөлісу:
БҒМ Mail.kz порталымен бірлесіп, цифрлық білім беруді күшейтпек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім және ғылым министрлігі Mail.KZ электрондық сервиске арналған Ұлттық порталымен бірлесіп, цифрлық білім беруді күшейтеді. Ол үшін тараптар тиісті меморандумға қол қойды.

Атап айтсақ, БҒМ мен электрондық сервиске арналған Ұлттық портал білім берудің цифрлық бағдарламаларын әзірлейді. Сондай-ақ білім беру платформасы мен пайдаланушыларды авторизациядан өткізу бойынша бірыңғай тетікті ілгерілету жөніндегі іс-шараларды жүргізетін болады.

Mail.KZ порталымен біз 2 жылдан астам уақыт бойы ынтымақтастықта жұмыс істеп келеміз. Қазақстандық mail жобасы үлкен технологиялық қуатқа ие болып отыр. Ол алғашқылардың бірі болып ҰБТ нәтижелерін тексеру, республикалық конкурстар, олимпиадалар мен басқа да іс-шараларды тікелей трансляциялау сервистерін іске асыруға көмектесті және көмектесіп келеді. Бұл жолы біз электрондық сервиске арналған Ұлттық порталмен edu.kz және қосымша білім беру қызметтерін, сонымен бірге елдің барлық пайдаланушылары үшін өздерінің техникалық мүмкіндіктерін ұсынады деп келістік. Меморандум мерзімсіз және қаржылық жауапкершікке міндеттемейді, - деп атап өтті ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари.

Сонымен қатар меморандумға сәйкес Mail.KZ министрлікке өтеусіз негізде Ұлттық білім беру деректер базасымен интеграцияланған mail.kz ұлттық пошта сервисін, my.edu.kz пайдаланушының жеке кабинеті ұсынады.

Меморандум қол қойылған күннен бастап, яғни 10-маусымнан бастап өз күшіне енді.

Өзгелердің жаңалығы