БҒМ: Елімізде оқушылардың 41,7 пайызы штаттық форматқа көшті

12 Қаңтар 2021, 13:02
1598
Бөлісу:
БҒМ: Елімізде оқушылардың 41,7 пайызы штаттық форматқа көшті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде оқу жылының үшінші тоқсаны тақырыбында өткен онлайн брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты.

Қазақстандық мектептерде 3,4 млн оқушы бар. Қазіргі күні 1-5 сынып оқушыларының 24%-і кезекші сыныптарда оқуларын жалғастырып жатыр. 300-ге дейінгі мектептерде 10,3% оқушылар оқуларын штаттық форматта жалғастыруда. Жаңадан қосылған 9-11 және 10-12 сыныптардың оқушылары 7,4 пайызды құрап отыр. Яғни 260 мыңнан астам оқушы оқуларын дәстүрлі форматта бастады, - деді ол.

Бүгінгі күні 58,3 пайыз оқушы қашықтан оқуды жалғастырып жатыр. Бұл 2 млн оқушы. Сондай-ақ, оқушылардың 41,7 пайызы штаттық форматта оқытуға көшті.

Шолпан Каринова мнистрліктің тиісті әдістемелік ұстанымдары барлық білім мекемелеріне жеткізілді. Осы ұсынымдарға орай оқу процесі ұйымдастырылғанын айтты.

Айта кетейік, вице-министр екінші тоқсандағыдай 300-ге дейінгі оқушысы бар мектептерде оқыту дәстүрлі форматта әрі қарай жалғастырылып келе жатқанын айтты.

Еске сала кетейік осыған дейін вице-министр қандай мектептер дәстүрлі форматта оқитыны туралы айтты.


Өзгелердің жаңалығы