Бейжің Олимпиадасына бойкот жариялаған елдердің саны артты

8 Желтоқсан 2021, 19:25
1548
Бөлісу:
Бейжің Олимпиадасына бойкот жариялаған елдердің саны артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аустралия 2022 жылы Қытайдың Бейжің қаласында өтетін қысқы Олимпиада ойындарына АҚШ жариялаған дипломатиялық бойкотқа қосылды, деп хабарлады «The Sydney Morning Herald» сайты.

Елдің Премьер-министрі Скотт Моррисон Сиднейдегі баспасөз мәслихатында Аустралия атынан ресми өкілдердің қысқы Олимпиада ойындарына қатыспайтынын түсіндірді. Сонымен қатар ел намысын қорғайтын құрама жоспарланған спорттық іс-шараларға қатысады.

Скотт Моррисонның айтуынша, бойкот туралы шешімді үкімет Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы болжамды адам құқықтарының бұзылуына, сондай-ақ Қытайдың Аустралияның ішкі істеріне араласуына және бірқатар басқа да мәселеге байланысты қабылдаған. Сондай-ақ шенеунік Бейжіңнің кезінде елге қарсы жариялаған сауда санкцияларын да ұмыт қалдырған жоқ.

Еске сала кетсек, 6 желтоқсан күні АҚШ билігі 2022 жылғы қысқы Олимпиадаға дипломатиялық бойкот жариялаған болатын. Бұл ресми тұлғалардың ойындарға барудан бас тартуын білдіреді. АҚШ-тан кейін Жаңа Зеландия билігі де XXIV қысқы Олимпиада ойындарына қатысудан бас тартты.

Өзгелердің жаңалығы