Бейжіңдегі оқу орындары күзде ашылады

10 Тамыз 2020, 22:00
1494
Бөлісу:
Бейжіңдегі оқу орындары күзде ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мектептер мен балабақшалар 29 тамыз бен 11 қыркүйек аралығында өз жұмысын бастайды. Бұл туралы 24.kz хабарлады. 

15 тамыздан бастап университеттер оқуын қашан бастайтынын өздері шешеді. Бұл үшін олар білім беру және эпидемиологиялық бақылау органдарынан рұқсат алуы тиіс. Ағарту орталықтарына да жұмыс істеуге рұқсат берілді.

Еске сала кетсек, Бейжіңдегі оқу орындары сәуір айының соңында ашыла бастаған. Алайда, маусым айында қалада COVID-19 індеті өршіп кеткендіктен, оқуды қайта онлайн түріне ауыстырды. 


Өзгелердің жаңалығы