Бас жаңалықтар
Бейжіңдегі Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
VIDEO
10 Тамыз 2020, 20:56 221

Бейжіңдегі Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Бейжіңдегі Абай ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның Қытайдағы елшілігіне сілтеме жасап.

Осы тамаша күні белгілі жазушы, Қытайдың Халықтық саяси консультативтік кеңесінің экс-депутаты Әкбар Мәжит, "Цзиньтай" өнер мұражайының негізін қалаушы және Абай мүсінінің авторы Юань Сикун, сондай-ақ доцент, филология ғылымдарының кандидаты және Бейжің шет тілдер университеті жанындағы Қазақ орталығының меңгерушісі Сунь Фан Абай мұрасы туралы өздерінің жылы ойларымен бөлісті. Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің ұжымы барлық қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады. 




Фото: дереккөз
Видео: дереккөз
Загрузка...