Бейжіңде 6 күнде маска шығаратын зауыт салынады

18 Ақпан 2020, 20:45
1729
Бөлісу:
Бейжіңде 6 күнде маска шығаратын зауыт салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Зауытты China Construction First Group компаниясы салып жатыр. 

Зауыт күніне 250 мың маска шығаратын болады. Бейжіңде алты күн ішінде өнеркәсіпке арналған ғимаратты қорғаныс маскаларын шығаратын зауытқа айналдырмақ.

Себебі COVID-19 коронавирустың жаңа түріне байланысты маскаға сұраныс өте жоғары. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жазды.

Нысанды қайта салу дүйсенбі күні басталған. Жұмысшылар бір-біріне коронавирус жұқтырмауы үшін құрылыс компаниясы күнде олардың дене қызуын өлшеп отырады.
Өзгелердің жаңалығы