Бейсеннің соңғы жазбасы

18 Мамыр 2020, 11:46
22543
Бөлісу:
Бейсеннің соңғы жазбасы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Назарларыңызға Бейсен Құранбектің Facebook-тегі парақшасында жазған соңғы жазбасын ұсынамыз...

Білу - бөлек, түсіну - басқа.
Жыл басынан бергі ішкі арпалысқа толы күндерімде, ұйқысыз түндерімде үш нәрсені тереңірек түсіндім...

Бірінші, ұстазым жиі айтатын "бұл өмірде ақшадан да, биліктен де құдіретті дүние бар. Ол - ниеттің, тілектің, батаның күші" деген сөздің рас екенін.

Екінші, халқымыздың "басты байлық - денсаулық" деп бір ауыз сөзбен айта салған даналығына бас идім. Ұйқы тыныш, тәбетің жақсы боп, ертеңгісін еш жерің ауырмай оянудың өзі жарты бақыт екенін ұқтым.

Үшіншіден, бабаларымыз қалдырған "Байлық - қолға ұстаған мұз, Бақыт - басқа қонған құс, Бала - артта қалар із, бұл өмірдің қызығы - Сіз бен Біз" деген сөзінің тұтас өмірлік философия екенін, өмірдің мәні де, сәні де сыйластықта екенін әр клеткаммен сезіндім.

Менің ешқандай "заслугам" жоқ туған күнімде ақжарма тілегін ақтарған баршаңызға мың қайтара алғыс айта отырып, бір-біріміздің тілеуімізді тілеп, денсаулықтың қадірін біліп, бір-бірімізді шын көңілмен құрметтей білейікші дегім келеді. 
Бар болыңыздар!!!

Бүгін белгілі тележүргізуші, "Жетісу" телеарнасының директоры Бейсен Құранбек 49 жасында өмірден озды.
Өзгелердің жаңалығы