Бас жаңалықтар
Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы
24 Қыркүйек 2020, 07:16 234

Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК қыркүйектің 24-і күнгі ауа райы болжамын жариялады. 

Бүгін Қазақстанның солтүстік және шығыс жартысында жауын-шашын болады. Кей жерде нөсерлетіп, жаңбырдың соңы қарға ұласуы ықтимал. Сондай-ақ, республиканың кей жерінде жел күшейіп, еліміздің батысында және оңтүстігінде күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерде тұман түсуі ықтимал. 

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, кей жерінде 23-28 м/с-ке дейін күшейіп, тұман түседі. 

Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түседі, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 23-28 метрге жетеді. 

Қарағанды облысының шығысында топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді. Алматы, Қостанай, түнде Ақтөбе, таңертең және күндіз Жамбыл облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйытқиды. Қостанай облысының кей жерінде тұман түседі. 

Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Атырау облыстарының кей жерінде тұман болады. 

Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының кей жерінде төтенше өрт қаупі сақталады.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...