Бейсен елдің мұңын өз мұңындай көріп, көпке қамқор болған азамат еді – Балаева

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева&nbsp;Бейсен Құранбектің&nbsp;отбасына, жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты.&nbsp;</h4>

 18 Мамыр 2020 2020, 11:09
18 Мамыр 2020 2020, 11:09
3569

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Бейсен Құранбектің отбасына, жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты. 

Елімізге белгілі журналист, халқымыздың аяулы ұлы Бейсен Құранбектің қазасы баршамызға ауыр тиді. "Айтуға оңай", "Қарекет" бағдарламалары арқылы қазақ журналистикасында өзіндік қолтаңбасын қалдырған тележүргізуші, елдің мұңын өз мұңындай көріп, көпке қамқор болған жомарт жүректі азамат бақиға аттанды. Марқұмның отбасына, жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз, - деп жазды министр.

Наверх